Сорос университеті Ресейде қалаусыз деп танылды
Сорос университеті Ресейде қалаусыз деп танылды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Ресей Бас прокуратурасы Австрияда орналасқан Орталық Еуропа университетінің (CEU) қызметін Ресейде қалаусыз деп таныды.
Ведомствоның мәліметінше, бұл ұйымның күш-жігері қазір «арнайы әскери операция мен Ресей Федерациясының саяси басшылығының беделін түсіруге бағытталған».
Атап айтқанда, университеттің білім беру бағдарламалары «Ресей мемлекетінің тарихын әдейі құнсыздандырады және бұрмалайды», ал CEU-де «жаһандық БАҚ-тың Ресейге қарсы күн тәртібін қалыптастыру бойынша жұмыс істеу үшін кадрларды іріктеу жүргізіледі» деп мәлімдейді Ресей Федерациясының Бас прокуратурасы.
Орталық Еуропа университетін америкалық филантроп Джордж Сорос құрған және 2017 жылға дейін Венгрияда орналасқан. Алайда Будапештте жоғары білім және үкіметтік емес ұйымдарды шетелдік қаржыландыру туралы жаңа заңдар қабылданғаннан кейін CEU білім беру қызметін Венаға ауыстырды.