Әлем17 наурыз 2024, 20:35

SpaceX АҚШ барлау қызметі үшін тыңшы жерсерік желісін жасайды

SpaceX АҚШ барлау қызметі үшін тыңшы спутниктер желісін жасайды. SpaceX америкалық барлаумен тыңшы жерсеріктердің жаңа желісін құру үшін 1,8 миллиард долларлық келісімшартқа отырды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Reuters жариялады.

Агенттік дереккөздерінің айтуынша, жобамен SpaceX-тің Starshield деп аталатын бөлімшесі айналысады.

Егер АҚШ бағдарламасы сәтті болса, әлеуетті нысандарды жер шарының кез келген жерінде дерлік жылдам анықтау оңайырақ болады, делінген материалда.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, әңгіме мұндай жүздеген спутниктер туралы айтылып отыр. 

SpaceX АҚШ барлау қызмет спутниктер жерсерік

Тақырыпқа жаңалықтар