Стамбұлда жүз мыңдаған адам қатысқан палестинаны қолдаған шеру өтті
Ыстамбұлда жүз мыңдаған адам қатысқан палестинаны қолдаған шеру өтті, - деп хабарлайды Arbat.media.
Шарада Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған сөз сөйледі.
«Израиль 22 күннен бері ашық түрде әскери қылмыс жасап жатыр. Біз Израильді бүкіл әлем алдында әскери қылмыскер деп жариялаймыз. Украина-Ресей соғысында қаза тапқан бейбіт тұрғындар үшін "еңіреген жасы етекке толғандар" Газадағы мыңдаған бейкүнә балалардың өлімін үнсіз бақылап отыр», - деп келтіреді Анадолы агенттігі Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның сөздерін.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: