Швейцарияда зейнеткерлерге 13-ші зейнетақы төленеді
Швейцарияда зейнеткерлерге 13-ші зейнетақы төленеді. Бұл елде референдум өтіп, азаматтар зейнет жасын 65-тен 66-ға көтеруден бас тартты, бірақ 2026 жылдан бастап зейнеткерлерге қосымша 13-ші төлемді бөлуді мақұлдады, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұған сайлаушылардың 58,2 пайызы және 26 кантонның 16-сы дауыс берді.
Швейцариядағы ең жоғары айлық зейнетақы қазіргі уақытта жалғызбастылар үшін 2 450 швейцариялық франк (шамамен 1 230 062 теңге) және ерлі-зайыптылар үшін 3 675 франк (1 847 524 теңге) құрайды.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: