Табыт басында жоқтап отырған анасына "марқұм ұлы" телефон соққан
Табыт басында жоқтап отырған анасына "марқұм ұлы" телефон шалып, видео байланысқа шыққан, - деп хабарлайды Arbat.media.
Гондурастың Ла Энтрада қаласында 14 жастағы жасөспірім Осман Адонай Урбина жоғалып кетті.
Кейінірек қала шетінде көптеген оқ жарақаты бар, беті қатты бұзылған мәйітті тапқан.
Отбасы ұлының қолындағы тыртығынан танып, оны католиктер әдет-ғұрпымен жерлеу рәсімін бастап кеткен.
Анасы Вилма Фуэнтес ұлын табыттың жанында жоқтап жатқанда, оны телефонға шақырады.
«Достарымыз «Осман ғой» дегеніне таң қалдық. Мен мұны әзіл деп ойладым», - деп есіне алады әйел.
Бірақ бұл шынымен өзінің ұлы болып шықты.
Ол бейнеқоңырау арқылы үш апта бұрын Америка Құрама Штаттарына жаяулап жетуге бел ьуғанын айтып, ағынан жарылады.
Бозбала Гватемала мен Мексика шекарасынан телефон соққан екен.
Қазір полицейлер кімнің денесін тапқанын анықтап жатыр.
Алдын ала мәліметтер бойынша, бұл 15 жастағы Джимми Сармиенто болуы мүмкін, ол да бұрын Ла Энтрада жоғалып кеткен.