ӘлемБүгін, 14:22

Таиландта ресейлік ағалы-қарындасты өлтіргендер кінәсін мойындады

Тергеу мәліметінше, 17 жастағы Романға оқ атылып, ал 22 жастағы әпкесі Диана соққыға жығылып көз жұмған, деп хабарлайды Arbat.Media.

Күдіктілер кінәларын мойындағаннан кейін тергеушілерге Као Чи Чан тауы маңындағы мәйіттер жасырылған жерді көрсеткен. Қазір оқиға орнында тергеушілер мен криминалистер жұмыс істеп жатыр.

Алдын ала мәлімет бойынша, қылмыстың негізгі себебі – жәбірленушілердің мотоциклін иемдену болған. Дәл осы мотоцикл күдіктілердің ізіне түсуге көмектескен. Ол бөлшектелген күйде күдіктілердің бірінің үйінің маңында табылған.

Еске салсақ, бұған дейін ағалы-қарындастың жоғалғаны туралы олардың анасы хабарлаған. Ол Таиландқа 2018 жылы көшіп барған, ал балалары оған 2021 жылы қосылған. 

Қаза Тергеу Күдікті оқиға

Тақырыпқа жаңалықтар