Тарихтағы ең қарт науқас. Германияда 106 жастағы кейуанаға ота жасалды
Германияның солтүстік-батысындағы Аурих қаласында 106 жастағы Эрика Дикманның жүрегіне ота жасалды.Зейнеткер екі дүниежүзілік соғысты басынан өткеріп, 69 жыл бірге тұрған күйеуінен айырылып, бүкіл Еуропаны аралап шыққан, - деп хабарлайды Arbat.media.
Жасына және нашар көретін көзіне қарамастан, ол әлі де үйінде жалғыз тұрып, үй шаруасын өзі істейді.
Жақында Эрика оң жақ коронарлық артерияның бітелуіне байланысты инфарктпен ауруханаға түсті.
«Оның жалпы жағдайы таңқаларлықтай жақсы болды», - деді дәрігер Торстен Штайн.
Сондықтан дәрігерлер перкутандық транслюминальды коронарлық ангиопластика жасауды ұйғарды.
Эрикаға екі стент орнатылды. Ол Германиядағы ең қарт, ал әлемдегі екінші қарт науқас болды: Үндістанда 107 жастағы ер адамға да осындай операция жасалғани болатын.