Татарстанда «Радио Азаттық» қызметінің жергілікті редакторы ұсталды
Татарстанда «Радио Азаттық» қызметінің жергілікті редакторы ұсталды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Тергеушілердің айтуынша, «Азаттық» радиосының татар-башқұрт қызметінің редакторы Алла Курмашева 2022 жылдың қыркүйегінде интернет арқылы «шетелдік дереккөздерге ақпарат беру үшін Ресей әрекеттері туралы мақсатты түрде әскери ақпар жинаған».
«Татар-информ» ақпарат көзінің хабарлауынша, тергеу Құрмашеваның Татарстандағы жоғары оқу орындарының бірінен әскерге шақырылған оқытушылар туралы ақпарат алғанына сенімді.
Ол бұл ақпаратты тиісті халықаралық органдарға «балама сараптамалық материалдар» дайындауда және Ресейдің беделін түсіретін ақпарат науқандарын жүргізуде пайдаланды.
Оған үш жүз мың рубльге дейін айыппұл салынады. Дәл осы бап бойынша ол бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.