Тбилисиде ондаған мың адам «шетел агенттері» заңына қарсы тағы да наразылық білдірді
Тбилисиде ондаған мың адам «шетел агенттері» туралы заңға қарсы тағы да наразылық білдірді. Сәрсенбі күні Грузия парламенті ғимараты алдында өткен ауқымды шеруге 30 мыңға жуық адам қатысты, деп жазады AFP, - деп хабарлайды Arbat.media.
Елдің батысындағы Кутаиси мен Цаленжихада да шерулер өтті.
Тбилисидегі наразылық шарасына Грузияға барған Эстония, Исландия және Литва сыртқы істер министрлері қатысты.
Литва Сыртқы істер министрі Габриэлюс Ландсбергис өзінің әріптестерімен бірге наразылық акциясына «грузин халқының ЕО және НАТО-ның бір бөлігі болу тілегін қолдау үшін» қатысқанын айтты.
Тбилиси парламенті 14 мамырда «шетел агенттері» туралы даулы заңды қабылдады.
Жаңа ереже қаржыландырудың 20 пайызынан астамын шетелден алатын ҮЕҰ мен БАҚ-ты «шетел агенті» ретінде тіркеуге міндеттейді.
Грузияда бірнеше аптадан бері заңның қабылдануына байланысты жаппай наразылық өтіп жатыр.
Аталмыш құжат халықаралық деңгейде де сынға ұшырады - Еуропалық Одақ, БҰҰ және НАТО бұған дейін Грузия үкіметін бағытын өзгертуге бірнеше рет шақырған болатын.