Тбилисиде полиция шерушілерге газ, резеңке оқ, су атқыштар қолданып жатыр
Тбилисиде полиция шерушілерді көзден жас ағызатын газ, резеңке оқ және су атқыштар қолданып таратты Грузия парламентінде «шетел агенттері» туралы заң жобасы екінші оқылымда қабылданғаннан кейін мыңдаған адам қайтадан көшеге шықты. Кейбір ақпарат құралдарының хабарлауынша, шеруге сейсенбі күнгіден де көп адам қатысқан, - деп хабарлайды Arbat.media.
Олардың кейбірі парламент ғимаратына басып кіруге әрекеттенген.
Демонстранттар бейнебақылау камераларын да сындырды.
Бұған жауап ретінде полиция көзден жас ағызатын газ қолданып, резеңке оқтар мен су атқыштармен наразылық акциясын тарата бастады.
Наразылық білдірушілердің кейбірі орташа деңгейде жарақат алды.
Грузияның басқа қалаларында да «шетелдік агенттік» заңының қабылдануына қарсы шерулер өтіп жатыр.
Грузия президенті Саломе Зурабишвили демонстранттарды қолдады, бірақ полициямен қақтығыс тудырмауға шақырды.