Тбилисиде шерушілер полициямен қақтығысты
Тбилисиде шерушілер полициямен қақтығысты. Парламент ғимаратына арнайы жасақ келіп, су атқыштар да келді. Шерушілер полицияға жұмыртқа лақтырса, қауіпсіздік күштері көзден жас ағызатын газ қолданды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Наразылық акциясына ел президенті Саломе Зурабишвили де қосылды.
DW тілшісінің хабарлауынша, қазір адамдар парламентке ағылуды жалғастыруда.
Грузияның қалаларында премьер-министр Еуроодаққа кіру келіссөздерін тоқтатқанын жариялағаннан кейін стихиялық наразылықтар басталды.
Акциялар Тбилиси, Батуми, Кутаиси, Гори, Зугдиди, Телави және басқа қалаларда өтеді.
                                    Бөлісу
                                
                                
                                    Arbat media жаңалықтарына жазылу: