The New York Times: Илон Маск Иранның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Әмір Саид Ираванимен кездесті
Илон Маск Иранның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Әмір Саид Ираванимен кездесті. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, кездесу 11 қарашада өткен. Онда Тегеран мен Вашингтон арасындағы шиеленісті бәсеңдету жолдары талқыланды. Келіссөздер бір сағаттан астам уақытқа созылды және «жасырын жерде» өтті, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұған дейін АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамп Tesla және Spase X-тің негізін қалаушы Илон Маскты жаңа үкіметтік тиімділік департаментінің басшысы етіп тағайындаған болатын.
Миллиардермен кездесу Тегеранға америкалық шенеуніктермен тікелей келіссөздерге бармау үшін «шешімді» қолдануға мүмкіндік берді, деп жазады NYT басылымы.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: