Әлем25 ақпан 2024, 20:57

Трамп Оңтүстік Каролинадағы республикалықтардың праймеризінде жеңіске жетті

Дональд Трамп АҚШ президенттік сайлау найқанында Оңтүстік Каролинадағы республикалықтардың праймеризінде жеңіске жетті. Ол шамамен 60% дауысқа ие болды, ал оның ішкі партиядағы соңғы бәсекелесі, АҚШ-тың БҰҰ-дағы бұрынғы тұрақты өкілі Никки Хейли шамамен 40% жинады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Дауыстардың барлығы дерлік саналып бітті.

Оңтүстік Каролина - Хейлидің туған штаты және ол оның губернаторы болды.

Хейли жекпе-жекті жалғастыруға уәде берді.

Алайда оның қарсыласының Оңтүстік Каролинадағы жетістігі Трамптың қарашада өтетін президенттік сайлауда Республикалық партияның кандидатурасы үшін жарыс «іс жүзінде аяқталды» деген тұжырымына «жаңа негіз береді» деп жазады The New York Times.

Айта кетсек, Трамп бұған дейін Айова, Нью-Гэмпшир және Невада штаттарында өткен праймеризде жеңіске жеткен болатын.

Дональд Трамп Оңтүстік Каролина республикалықтар жеңіс
2 шілде 2026 Қазақстан жаңалықтары
2 шілде 2026 Қазақстан жаңалықтары
1 шілде 2026 Қазақстан жаңалықтары
2 шілде 2026 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар