Трамп пен Байден қастандық әрекетінен кейін не деп айтты
Дональд Трамп Пенсильваниядағы сайлауалды митингі кезінде атыс болғаннан кейін өзі құрған Truth Social әлеуметтік желісінде мәлімдеме жасады. Президенттікке кандидат Трамп барлау қызметіне жедел әрекет еткені үшін алғыс айтты, - деп хабарлайды Arbat.media.
"Ең бастысы, митингіде қаза тапқан ер адамның отбасына, сондай-ақ ауыр жараланған тағы бір адамның отбасына көңіл айтамын. Біздің елде мұндай оқиғаның болғаны адам сенгісіз. Атылған оқ оң құлағымның төбесін тесіп өткен, мен бірдеңе дұрыс емес екенін бірден түсіндім, оқтың дыбысын естідім, құлағымның терісін жыртып өткенін сездім», - деп жазды Трамп.
"Трамптың қауіпсіз және ахуалы жақсы екенін естігеніме қуаныштымын. Мен оған және оның отбасына, сондай-ақ митингке келгендердің барлығының аман болғанына тілектеспін, біз қосымша ақпаратты да күтеміз. Джилл екеуміз Құпия қызметіне Дональдты жылдам қауіпсіз жерге жеткізгеніне алғыс айтамыз. Америкада зорлық-зомбылыққа орын жоқ, біз болған оқиғаны айыптау үшін ұлт ретінде бірігуіміз керек», - дейді Джо Байден.
Ақ үй басшысы Трамппен телефон арқылы сөйлесті. Әңгіме егжей-тегжейі жарияланбады.