Трамптың соңғы қарсыласы АҚШ арнайы қызметтен қорғау сұрады
Трамптың республикашыл қарсыласы Никки Хейли өзіне қауіп төнгендіктен арнайы қызметтен қорғау сұрады, - деп хабарлайды Arbat.media.
Ол бұған дейін Трамп сайланса, елді тек хаос күтіп тұрғанын айтқан.
Бұрынғы президенттің өзі оны «атағын пайдаланушы» және «бейадекватты» деп атады.
Флорида губернаторы Рон Десантис жарыстан бас тартқаннан кейін 52 жастағы Никки Хейли 2024 жылы Республикалық партияның кандидатурасына Трамптың жалғыз қарсыласы болып қала береді.
Хейли республикашылдар арасындағы жарысты кем дегенде 5 наурызда 50 штаттың 16-сында праймериз өтетін "супер сейсенбіге" дейін жалғастырады.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: