Әлем6 қараша 2023, 10:00

Түрік полициясы шеруде көзден жас ағызатын газ қолданды

Түрік полициясы палестиналықтарды жақтаған шеруде көзден жас ағызатын газ бен су атқыштарын қолданды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Түркияның оңтүстік-шығысындағы АҚШ-тың Инжирлик әскери базасындағы наразылық акциясында полиция жиналғандарды газ қолданып таратуға мәжбүр болды. 

Базадан алыс емес жерде бейбіт шеру өтіп жаттқан, бірақ ол аяқталғаннан кейін бірнеше жүз қатысушы АҚШ әскері орналасқан Инжирликке бет алды.

AFP фотографының айтуынша, халық базаға күштеп кірмек болған кезде полиция араласты.

Әзірге зардап шеккендер немесе қамауға алынғандар туралы ақпарат жоқ.

Тақырыпқа жаңалықтар