Әлем17 шілде 2024, 13:00

Түркия миллиондаған қаңғыған иттерден құтылғысы келеді

Түркия миллиондаған қаңғыбас иттерден құтылғысы келеді. Мұны ел президенті Режеп Тайып Ердоған қолдап отыр, ол мамыр айында «бірде-бір өнеркәсібі дамыған елде көше иттерімен мұндай проблема жоқ» деп мәлімдеді. Ел билігі әсіресе құтырма ауруының таралу қаупіне алаңдаулы, деп жазады Der Spiegel. Бір ғана Стамбұлдың өзінде 300 мыңға жуық қаңғыған ит бар, - деп хабарлайды Arbat.media.

Биліктегі Әділет және даму партиясы қаңғыған иттер ұсталып, баспанаға орналастырылатын заң жобасын ұсынды. Онда иттер 30 күн сақталады, егер осы уақыт ішінде оларды ешкім қабылдамаса, ит эвтанизацияланады.

Жануарлар құқығын қорғаушылар бұл идеяға наразылық білдіріп, баламалы жолды – көше иттерінің көбеюіне жол бермеу үшін стерилизациялау және зарарсыздандыруды ұсынып отыр.

 

түркия қаңғыған иттер Ердоған

Тақырыпқа жаңалықтар