Түркия ШЫҰ толық мүшесі болуды жоспарлап отыр
Фото: Анадолы агенттігі
Режеп Тайип Ердоған
Әлем12 шілде 2024, 10:29

Түркия ШЫҰ толық мүшесі болуды жоспарлап отыр

Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған НАТО мүше мемлекеттері басшыларының саммитінен кейінгі баспасөз мәслихатында осындай мәлімдеме жасады. Сөз басында Мемлекет басшысы терроризмге қарсы күресте одақтастар арасындағы ынтымақтастықты нығайту қажеттігін атап өтті. Оның айтуынша, Түркия НАТО-ға қауіп төндіретін екі негізгі қауіптің бірі — терроризммен күресте одақтастарынан ниеттестік күтеді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл жайында Президент сөзінен тікелей трансляция жасаған TRT Haber жариялады, - деп жазады Kazinform агенттігі.

 

«Бұл одақ туралы заңда да талап етілген», — деді ол.

Ердоған Израильдің Палестина халқына қарсы үздіксіз агрессиясына назар аударды. Оның айтуынша, Палестинада жан-жақты және тұрақты бейбітшілік орнамайынша Түркия НАТО-ның Израильмен ынтымақтастық бастамаларын мақұлдамайды.

Сөзін аяқтай келе Ердоған Түркияның Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына толық мүше болуды көздеп отырғанын айтты.

«Енді Түркия Шанхай Ынтымақтастық ұйымына толық мүше ретінде қосылуы керек. Мен тұрақты мүшелерден осы мәселе бойынша қолдау сұрадым», — деді Түркия көшбасшысы.

 

түркия ШЫҰ мүшесі жоспар Ердоған

Тақырыпқа жаңалықтар