Түркияда іздеуде жүрген қылмыскер Алматыдан табылды
Түркияның құқық қорғау органдарымен іздеуде жүрген ер адам Алматыда ұсталды, деп хабарлайды Arbat.media.
Алматы қаласының халықаралық әуежайында ІІМ Интерпол ҰОБ-ның сұрауы бойынша желілік полиция бөлімінің қызметкерлері 67 интернет-алаяқтық фактісі бойынша Түркияның құқық қорғау органдарымен халықаралық іздеуде жүрген шетелдік азаматты ұстады.
Күдікті 2018 жылы үй жануарларын сату туралы жалған интернет-жарнама арқылы жәбірленушілерді алдап, 67 адамның ақшасын иемденіп, Түркия елінен бой тасалаған.
Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторында қамауда.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: