Түркияда жасөспірім жігіт пышақпен адамдарға шабуыл жасады
Фото: haberler.com
haberler.com
Әлем14 тамыз 2024, 9:00

Түркияда жасөспірім жігіт пышақпен адамдарға шабуыл жасады

Түркияда жасөспірім пышақ және балтамен адамдарға шабуыл жасады. Түркия полициясы Эскишехир қаласында адамдарға пышақ пен балтамен шабуыл жасаған 18 жастағы жігітті ұстады. Оқиға Эскишехир Тепебашы мешітінің ауласында болған. Шабуыл салдарынан бес адам жараланып, жергілікті ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер ауруханаға түскен екеуінің жағдайын ауыр деп бағалады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Полицияның мәліметінше, қылмысқа күдікті 18 жастағы К.Арда болып шықты, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Қылмыс жасаған кезде ол бетперде мен көзілдірік киіп, бетін жасырған. Оның үстінен дулыға мен сауыт киген.

Қылмыскердің киімінде үшінші рейхтің оккультистері пайдаланған фашистік «қара күн» эмблемасы да болған. Сонымен қатар, шабуыл кезінде жас жігіт әлеуметтік желілерде тікелей эфирге шыққан.

Кейбір басылымдар жас жігіттің PUBG компьютерлік ойынындағы кейіпкерлердің бірінің бейнесін көшіруге әрекеттенгенін, соның әсерінен қарулы шабуыл жасауды ұйғарды деп жазады.

түркия Пышақ Шабуыл

Тақырыпқа жаңалықтар