Түркиялық спортшы 51 жасында Олимпиада жүлдегері атанды
51 жастағы Юсуф Дикеч Севайла Илайда Тарханмен жұптасып, пневматикалық тапаншамен 10 метрге атудан күміспен күптелді, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы Egemen.kz жазады.
Юсуф Дикечтің бұл сында өнер көрсету стилі көпшілікті таңдандырған.
Ол осы спорт түріне арналған шуды басатын құлаққап пен арнайы линзаның орнына қарапайым өз көзілдірігін тағып жарыс жолына шыққан.
Юсуф Дикеч - Севайла Илайда Тархан жұбын сербиялықтар қапы қалдырып, нәтижесінде түрік атқыштары екінші тұғырдан көрінді.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: