Әлем16 қаңтар 2024, 16:12

Украина барлауы: Солтүстік Корея Ресейге миллиондаған оқ-дәрі берді

Ресей Солтүстік Кореядан миллионға жуық оқ-дәрі алды, негізінен 122 мм және 155 мм калибрлі артиллериялық снарядтар, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы "РБК-Украинаға" берген сұхбатында Украина әскери барлауының өкілі Вадим Скибицкий айтты.

Оның айтуынша, оқ-дәріні жеткізу 2023 жылдың күзінде болған.

Бұған дейін Оңтүстік Кореяның әскери барлау қызметі Ресей Федерациясына Солтүстік Кореяның миллионнан астам снарядының жеткізілгені туралы хабарлаған болатын.

Солтүстік Корея Ресей миллиондаған оқ-дәрі

Тақырыпқа жаңалықтар