Украина Ресей тарапынан жаппай шабуылға ұшырады
14 маусымға қараған түні Ресей әскерлері Украинаның бірқатар аймақтарына "Шахед" зымырандары мен ұшқышсыз ұшақтармен шабуыл жасады. Украина қарулы күштерінің мәліметі бойынша, Ресейдің тоғыз бомбалаушы ұшағы аспанға көтерілді - төрт Ту-22М3 және бес Ту-95ТС, - деп хабарлайды Arbat.media.
Түнде Украинаның барлық аумағында екі рет әуе шабуылы туралы ескерту жарияланды.
Жарылыстар туралы ақпаратты Харьков, Запорожье және Хмельницкий облыстарының билігі растады.
Зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.
РБК-Украина басылымының хабарлауынша, ресейлік әскерлер МиГ-31К жойғышынан Украинаға қарай «Кинжал» аэробаллистикалық зымыранын да атқылаған.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: