Украина СІМ басшысы: «Қаруымыз бітсе, күрекпен соғысамыз»
Украина сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба ABC News арнасына берген сұхбатында АҚШ Конгресінің Украинаға әскери көмекті қаржыландыру туралы жаңа келісімді қабылдауы үшін «уақыт таяп қалғанын» айтты, - деп хабарлайды Arbat.media.
«Қазір Украинаны қолдаудың құны қандай болса да, егер Украина жеңілсе, әлемдегі тәртіпсіздікті түзету құны әлдеқайда жоғары болады. Қаруымыз таусылып қалса да, біз күрекпен күресеміз, өйткені Украина үшін украин ұлтының сақталып қалуына бәс тігіліп отыр», - деп атап өтті Кулеба.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: