Украинада дрондардың сериялық өндірісі басталды
Украинада ұшу қашықтығы 1000 шақырымға дейін жететін дрондардың сериялық өндірісі басталды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы «Укроборонпром» компаниясының бас директоры Герман Сметанин мәлімдеді.
Оның айтуынша, әңгіме Shahed ұшқышсыз ұшағының жетілдірілген аналогы туралы болып отыр.
Ол ирандық түпнұсқадан ұшу қашықтығымен ерекшеленеді.
Сонымен қатар, Сметанин «Укроборонпром» кәсіпорындарында жеке компаниялардың FPV дрондарының үш үлгісінің лицензиялық өндірісі жолға қойылғанын айтты.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: