Украинада компаниялар қызметкерлеріне әскерге шақыру қағазын беруге міндетті
Украинада компаниялар қызметкерлеріне әскерге шақыру қағазын беруге міндетті болады. Бұл туралы 18 мамырда күшіне енетін жұмылдыруды күшейту туралы жаңа заңда айтылған, деп жазады Украинаның сот-құқықтық газеті, - деп хабарлайды Arbat.media.
Заңнамаға өзгерістер енгізілгенге дейін кәсіпорындар мен ұйымдар өз қызметкерлері арасында әскерге шақырылғандардың, әскери қызметшілердің және запастағылардың әскери есебін жүргізіп, уәкілетті органдарға тиісті есеп беруді ғана қамтамасыз етуге міндетті болатын. Жаңа заң бұған қызметкерлердің хабардар болуын және қабылдау пункттеріне келуін қамтамасыз ету міндетін қосады.
Жұмылдыру туралы жаңа заңды Жоғарғы Рада қабылдап, оған президент Зеленский сәуірде қол қойған. Заңның қолданыстағы мәтініне сәйкес, жұмылдыру кезінде 18 бен 60 жас аралығындағы ер адамдар әскери есепке алу құжатын үнемі өздерімен бірге алып жүруге және СТК өкілінің, полиция қызметкерінің немесе шекара қызметі қызметкерінің өтініші бойынша көрсетуге міндетті.