Украинада Пушкин ескерткіштерін бұзуға кедергі жойылды
Украинада Пушкин ескерткіштерін бұзуға кедергі жойылды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Киевтегі Берестейский даңғылындағы, сондай-ақ Житомир, Харьков және Одессадағы Пушкин ескерткіштері республикалық маңызы бар мәдени мұра ескерткіштерінің тізілімінен алынып тасталды. Бұл оларды бөлшектеуге жол ашады.
Одан бөлек, Одессадағы князь Михаил Воронцовтың, Измаилдегі қолбасшы Александр Суворовтың, Херсондағы адмирал Федор Ушаковтың ескерткіштері, Ужгородтағы «Украина – азат етушілер» монументі және Луганскідегі «Революция жауынгерлері» мемориалдық кешені тізілімнен шығарылды.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: