Әлем9 қараша 2023, 14:00

Украинадағы әскери жағдай 14 ақпанға дейін ұзартылды

Украинадағы әскери жағдай 14 ақпанға дейін ұзартылды, - деп хабарлайды Arbat.media.
 
Украинаның Жоғарғы Радасы Зеленский ұсынған елдегі әскери жағдай мен жалпы жұмылдыруды тағы 90 күнге ұзарту туралы заң жобаларын қабылдады, деп хабарлады Украина парламентінің депутаты Ярослав Железняк.

Украинада әскери жағдай Ресейдің 2022 жылдың ақпанында елге толыққанды әскери басып кіруінің басынан бері күшінде болды.

Сол уақытта Владимир Зеленский азаматтарды жалпы жұмылдыру туралы заңға қол қойды.

Оған сәйкес, ерекше жағдайларды қоспағанда, 18-60 жас аралығындағы ер адамдарға Украина аумағынан шығуға тыйым салынады.

14 ақпан Украина әскери жағдай

Тақырыпқа жаңалықтар