Украиналық теннисші Батысты соғыста үнсіз қалғысы келеді деп айыптады
Украиналық теннисші Батысты соғыста үнсіз қалғысы келеді деп айыптады, - деп хабарлайды Arbat.media.
«Соғыс әлі жүріп жатыр. Адамдар әлі күнге дейін күн сайын өліп жатыр. Мен бұл спортшылардың мұнда не істеп жүргенін түсінбеймін», - дейді Марта Костюк Ресей мен Беларусь теннисшілеріне сілтеме жасай отырып.
Бұл туралы теннисші қыз Ресей азаматы Элина Аванесянды жеңіп, Австралия ашық чемпионатының 2024 жылғы 1/8 финалына шыққаннан кейін мәлімдеді.
«Менің бүкіл отбасым қазір Киевте. Анам маған зымырандардың үйіміздің үстінен ұшып жатқан видеоларды жібереді. Соғыстың әлі де жалғасып жатқанына қатты налимын.Сұмдық, екі жылға жуық уақыт бойы жалғасып жатыр. Батыс бәрінің үнін өшіруге, бұл туралы азырақ айтуға тырысып, қатты шиеленісіп кетпесін деген ниетін ішіммен сеземін. Біз екі жылдан бері тірі қалу үшін жанталасып жатырмыз. Адамдар қатты күйзелісте, әбден титықтады.Соғыстың жақын арада тоқтамайтынын сеземін де, бұл туралы ешкім ештеңе істеп жатқанын сезбеймін. Менің сезетінім: әлдекімдер бұны өз мүддесіне пайдаланып жатқандай», - дейді Марта Костюк.