Әлем14 маусым 2024, 2:07

Ұлыбритания АҚШ-тың Ресейге қарсы жаңа санкцияларына қосылды

Ұлыбритания АҚШ-тың Ресейге қарсы жаңа санкцияларына қосылды. Ұлыбританияның санкциялар тізіміне Мәскеу биржасы, Ұлттық клиринг орталығы және Ресей Федерациясының Ұлттық есеп айырысу депозитарийі, сондай-ақ «Ингосстрах» компаниясы мен Санкт-Петербург биржасы кіреді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Ұлыбритания Мәскеу биржасының басқарма төрағасы Юрий Денисовке, бизнесмен Иван Таврин, Insight тобының негізін қалаушы Авет Миракян, Astra Group компаниясының тең иесі Денис Фролов және S8 Capital тобының иесі Армен Саркисян,  сондай-ақ алты ресейлік кемеге қарсы санкция салды.

Ұлыбритания санкцияларының жаңа тізімінде Қытай, Қырғызстан, Түркия, Израиль, Орталық Африка Республикасы және БАӘ компаниялары да бар.

Ұлыбритания Ресей санкциялар қосылу

Тақырыпқа жаңалықтар