Ұлыбритания Ресейден Владимир Кара-Мурза туралы ақпарат талап етті
Ұлыбритания Сыртқы істер министрлігі Ресей Федерациясынан Владимир Кара-Мурза туралы ақпарат талап етті, - деп хабарлайды Arbat.media.
Британия Сыртқы істер министрі Дэвид Кэмерон Мәскеу саяси тұтқын саясаткер Владимир Кара-Мурзаның қайда екені туралы дереу ақпарат беруі керек деді.
Оның Ұлыбритания және Ресей азаматтығы бар.
«Мен Украинаға басып кіруге қарсы сөйлегені үшін Ресейде түрмеде отырған британ азаматы Кара-Мурза мырзаның әл-ауқатына қатты алаңдаймын», - деп жазды Кэмерон X әлеуметтік желідегі парақшасында.
Бұған дейін Қара-Мурзаның адвокаты мен әйелі оның колониядан «белгісіз бағытқа» ауыстырылғанын хабарлаған.
«Төрт ай бойы жалғыз адамдық камерада отырғаннан кейін Володяның Омбыдағы қатал тәртіптегі ИК-6-дан белгісіз бағытта әкетілгенін білдік», - деп жазды саясаткердің әйелі Facebook парақшасында.
2023 жылдың сәуірінде Қара-Мурза 25 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.