Әлем13 қаңтар 2024, 13:00

Ұлыбританияда Грета Тунберг ескерткішін орнынан алып тастады

Ұлыбританияда Грета Тунберг ескерткішін бірқатар наразылықтан кейін орнынан алып тастады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Экологияның жаас белсендінің қоладан жасалған толық мүсіні 2021 жылдың наурыз айында орнатылған болатын. Ол Гэмпширдегі Винчестер университетінің кіреберісінде орналасқан. Ескерткіштің құны 24 000 фунт стерлинг болды.

Университет студенттері ескерткішке наразы болып, ақшаны басқа нәрсеге жұмсау керек еді деп отыр.
Жергілікті тұрғындар Тунбергтің Англияның оңтүстік-шығысындағы 50 мың тұрғыны бар қалаға еш қатысы жоқ деп шағымданды.

Ескерткіш «гринвошинг» — табиғатқа қамқорлық жасау желеуімен ақшаны жылыстатудың бір амалы деп аталды.

Бірқатар наразылықтан кейін басшылық ескерткішті орнына алып тастап, оны университет ауласындағы оңаша жерге көшірді, деп хабарлайды Daily Mail.

Ұлыбритния Грета Тунберг Ескерткіш демонтаж

Тақырыпқа жаңалықтар