Әлем8 наурыз 2024, 10:00

Үндістан Қытаймен шекарасына он мың әскер жіберді

Үндістан Қытаймен арадағы шекараны күзету үшін қосымша 10 000 әскер жіберіп, аймақтағы әскер санын екі есеге арттырды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Bloomberg агенттігі үнділік шенеуніктерге сілтеме жасап хабарлады.

Айтуларынша, бұған дейін елдің батыс шекарасында қызмет еткен 10 мың сарбаз қазір Қытаймен арадағы даулы шекараның бір бөлігін нығайтуға жұмылдырылған.

Сонымен қатар, Үндістанның Қытаймен шекарасында орналасқан тоғыз мың сарбаздан тұратын контингент жаңадан құрылған жауынгерлік қолбасшылыққа беріледі. Шекараның 532 шақырымдық бөлігін қарулы күштердің екі бөлімшесі күзетеді.

Үндістанның қарулы күштері мен елдің қорғаныс министрлігінің өкілдері жағдайға қатысты пікір білдірген жоқ.

Анықтама үшін, Үндістан мен Қытайдың Гималайдағы даулы шекаралық аймағы бар. 2022 жылдың желтоқсанында Үндістан әскері мен Қытай армиясы арасында шекаралық қақтығыс болған.

 

Үндістан Қытай шекара Әскер

Тақырыпқа жаңалықтар