Үндістанда Ресей армиясына адам сатқандарды ұстады
Үндістанда Ресей армиясына адам сатқандарды ұстады. Үндістанның барлау агенттіктері «сенімсіз жастарды шетелде жалақысы жоғары жұмысқа орналастырамыз деп, ел бойынша азғырған адам саудасының үлкен желісін» ашты, - деп хабарлайды Arbat.media.
Үндістанның Орталық тергеу бюросының мәлімдемесінде күдіктілер «Үндістан азаматтарын әлеуметтік желілер мен жергілікті агенттер арқылы Ресейге жоғары жалақы алатын жұмысқа тартты» делінген.
Олар адам саудасының құрбаны болған Үндістан азаматтары жауынгерлік дайындықтан өтіп, Ресей-Украина соғысы аймағындағы әскери базаларға «өз қалауына қарсы» жіберілгенін түсіндірді.
Үндістан билігі үндістерді Ресей армиясына күштеп ауыстырудың 35 оқиғасынан хабардар.
Үндістанның Сыртқы істер министрлігі Мәскеуден Ресей қарулы күштері қатарынан 100-ге жуық азаматын «мерзімінен бұрын жұмыстан шығаруды» сұрады.
Бұған дейін Мәскеудегі Үндістан елшілігі өз азаматы Мохаммед Асфанның қайтыс болғанын растаған болатын.
Ағасы «тұзаққа түсіп қалды» деп, өзі білмейтін орыс тілінде келісімшартқа отырғанын және Ресейдің Украинаға қарсы соғысына жіберілгенін айтты.