ӘлемБүгін, 12:26

Университеттегі атыстан 1 адам көз жұмды

АҚШ-тың Линкольн университетінде атыс болып, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Arbat.Media.

АҚШ-тың Пенсильвания штатындағы Линкольн университетінде атыс салдарынан 1 адам қаза тауып, 6 адам жарақат алды.

Жергілікті билік өкілдерінің мәліметінше, оқиға Homecoming мерекелік іс-шарасы кезінде университеттің Халықаралық мәдениет орталығының маңында болған.

Бір күдікті ұсталып, одан қару тәркіленді. Алдын ала мәлімет бойынша, бұл жоспарланған жаппай атыс емес.

АҚШ университет қаза болды Атыс

Тақырыпқа жаңалықтар