Әлем18 қазан 2023, 14:00

УҚК ATACMS зымырандарын алғаш рет қолданды

АҚШ Украинаға ATACMS зымырандарын жеткізіп қойған, Украина қарулы күштері оны алғаш рет пайдаланды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Украина 17 қазанда түнгі шабуылдар кезінде америкалық алыс қашықтыққа ұшатын ATACMS зымырандарын пайдаланды, деп жазады AP агенттігі мен The Wall Street Journal америкалық шенеуніктерге сілтеме жасап.

WSJ агенттігінің хабарлауынша, Вашингтон жуырда Киевке осындай аздаған зымырандарды жасырын өткізген.

Киевке АТАКМС жеткізілгені туралы ресми ақпарат болған жоқ. Сонымен бірге, қыркүйектің соңында NBC телеарнасы Джо Байден Владимир Зеленскийге осындай зымырандардың шағын партиясын беруге бейресми түрде уәде бергенін көрсетті.

Олардың қолданылған жерлері аталмады, бірақ ресейлік әскери блогерлер бұған дейін ATACMS зымырандары оккупацияланған Бердянскідегі аэродромға шабуыл жасағанын, бұл Украина қарулы күштерінің осындай ең ірі шабуылдарының бірі болғанын айтқан.

ATACMS Украина қарулы күштері зымырандар қолдану

Тақырыпқа жаңалықтар