Әлем6 қыркүйек 2023, 10:40

УҚҚ Alfa Group иесін Украинаға қарсы агрессияны қаржыландырды деп күдіктенеді

Украинаның қауіпсіздік қызметі Alfa Group иесін Украинаға қарсы агрессияны қаржыландырды деп күдіктенеді, - деп хабарлайды Arbat.media.

2022 жылы Ресейдің Украинаға басып кіруі басталғаннан кейін ресейлік олигарх Михаил Фридман Ресейдің бірнеше әскери зауыттарына екі миллиард рубльге жуық қаржы «құйып жіберген» деп хабарлайды Украина қауіпсіздік қызметі. Оларды қаржыландыру үшін арнайы қызметтің мәліметінше, Alfa Group активтері пайдаланылған.

Сондай-ақ УҚҚ Фридманның компаниялары «Ресей армиясы» брендімен майданға жеткізілетін азық-түлік, киім-кешек және басқа да тауарларды жаппай таратумен айналысқан, әскери техника мен ресейлік сарбаздардың өмірін сақтандырған, ал өзі Украинаның оккупацияланған аумақтарын ұялы байланыспен қамту үшін кәсіпорнының ФСБ-мен ынтымақтастықта болған.

Михаил Фридманға сырттай айып тағылды, іс Украина Бас прокуратурасының қадағалауымен тергелуде.

УҚҚ Alfa Group Михаил Фридман қаржыландыру

Тақырыпқа жаңалықтар