Вашингтонда өзін-өзі өртеген америкалық сарбаз қайтыс болды
Вашингтондағы Израиль елшілігінің алдында өзін-өзі өртеп жіберген америкалық сарбаз қайтыс болды. Өзін-өзі өртеп жіберер алдында сарбаз «енді геноцидтің сыбайласы болмайтынын» мәлімдеді, - деп хабарлайды Arbat.media.
Куәгерлер де оның «Палестинаға азат» деп айғайлағанын айтады.
Ер адам АҚШ әуе күштерінде қызмет еткен.
Ол ауруханаға жатқызылды, кейін оның өлгені белгілі болды.
Айта кетсек, 2023 жылдың желтоқсанында Джорджия штатында да осындай оқиға болды. Газа секторындағы операцияға наразылық білдіруші Израиль консулдығы алдында өзін өртеп жіберген.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: