Placeholder
ФОТО: Heute
Heute
Әлем12 тамыз 2024, 15:00

Венада Тейлор Свифттің концертінде шабуыл дайындаған лаңкес анықталды

Венадағы Тейлор Свифттің концертінде шабуыл дайындаған лаңкес стадионға кіре берісте жиналған жанкүйерлердің арасына кіріп, адамдарды пышақтап, қолдан жасалған бомбаны жармақ болған. Heute ресурсының хабарлауынша, солтүстік македониялық тума, он тоғыз жасар австриялық Беран А. үйінде аңшы пышақтары, сойыл, жарылғыш заттар, детонаторлар, қару-жарақ, 21 000 еуро жалған ақша және анаболикалық стероидтерге ұқсас заттарды тәркіденген, - деп хабарлайды Arbat.media.

А., жоспарланған қылмысты мойындады. Австриялық тергеушілер анықтағандай, соңғы бірнеше аптада ол өзінің сыртқы келбетін бірте-бірте «Ислам мемлекеті» лаңкестерінің келбетіне ұқсатып бейімдеген.

Kurier хабарлағандай,  ол жақында ғана сақалын өсірген. Берат А. 7 шілдеде ИМ-ге адал болуға ант беріп, Telegram желісінде тиісті мәлімдемесін жариялаған.

Беран А. 25 шілдеде Терница зауытындағы жұмысын тастап, жұмыс берушілеріне: «Менің үлкен жоспарларым бар», - деген.

Жұмыстан шығарылғанға дейін ер адам компанияның зертханасына, демек, бомба жасау үшін қолдануға болатын химиялық заттарға қол жеткізе алған.

Тергеу деректеріне сәйкес, Беран А. террористік ұйымның үгіт-насихат видеоларын көріп, бомба жасау туралы бейне нұсқауларды зерттеген.

Оның жоспары барынша көптеген «кәпірлерді» өлтіру болған.

Ол концерт өтетін стадионға кіруді мақсат етпей, билет ала алмаған әншінің жанкүйерлері жиналатын стадионға кіре берісте «қантөгіс» ұйымдастырмақ болған.  Ол үшін сойыл, пышақтар мен бомбасын дайындаған.

Стадионға кіруді қамтамасыз ету үшін А. үйінде жалған «дабыл»белгісін, сирена дайындап қойған.

Heute хабарлауынша, ол өзін полиция қызметкері етіп көрсетіп, жанкүйерлерді көлгімен басып өтіп, сосын пышақтап, кейін бомба жаруды жоспарлаған.

Тейлор Свифт концерт лаңкес Беран

Тақырыпқа жаңалықтар