Әлем24 қазан 2023, 16:50

Венгрия Киевке әскери көмек бөлуге тағы да тосқауыл қойды

Венгрия Киевке әскери көмек бөлуге тағы да тосқауыл қойды, - деп хабарлайды Arbat.media.

ЕО-ға мүше елдердің сыртқы істер министрлері Киевке Еуропалық Бейбітшілік қорынан 500 миллион еуро бөлу туралы келісімге келе алмады, деп мәлімдеді Еуроодақ дипломатиясы басшысы Жозеп Боррель.

Бұған Венгрия тағы да қарсы болып шықты.

Будапешт 2023 жылдың мамыр айынан бастап Еуроодақтан Киевке әскери көмек бөлуге тосқауыл қойып келеді.

Венгрия мұның себебін Украинаның «соғыс демеушілері» тізіміне ең ірі венгрлік OTP банкін қосқанын, себебі банктің Ресейде жұмысын жалғастырғанын айтты.

Қыркүйек айының соңында Киев OTP-ті тізімнен шығарды, бірақ қазір Будапешт банктің бұл жерге қайта кірмейтініне кепілдік беруді талап етіп отыр, деп хабарлайды «Азаттық» радиосы.

 

Венгрия киев әскери көмек тосқауыл

Тақырыпқа жаңалықтар