Владимир Зеленский Купянскіні қорғап жатқан украин әскерлеріне барды
Владимир Зеленский Купянскіні қорғап жатқан украин әскерімен кездесіп, марапаттарын табыстады, - деп хабарлайды Arbat.media.
Украина Президенті Ұлы князь Роман атындағы 14-ші жекеленген механикаландырылған бригаданың батальонының командалық пунктінде әскери қызметшілермен кездесті,
Олардың оқ-дәрілер мен техникаға қажеттілігін талқылады, сондай-ақ марапаттарды табыс етті.
Айта кетсек, Ресей әскерлері 2023 жылдың тамыз айынан бастап Купянск бағытында шабуылын күшейтіп, Украина қарулы күштерінің қорғанысын бұзып өтіп, тікелей Купянск қаласына жетуге тырысып жатыр.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: