Әлем21 қараша 2024, 20:59

Халықаралық қылмыстық сот Нетаньяху мен Галантты қамауға алуға ордер берді

Халықаралық қылмыстық сот палестиналық ХАМАС қозғалысы әскери қанатының қолбасшысы Мұхаммед ад-Дейфті қамауға алуды талап етті. Ол сондай-ақ Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху мен қорғаныс министрі Йоав Галантты қамауға алуға ордер берді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы соттың баспасөз хабарламасында айтылған, деп хабарлайды ТАСС ақпарат агенттігі, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Бұл ретте Израиль армиясы тамыз айында хабарлағандай, ад-Дейфтің көзі 13 шілдеде Газа секторындағы Хан-Юнис қаласына израиль тарапынан соққы беру кезінде жойылды.

Құжатта көрсетілгендей, Халықаралық қылмыстық сот Израиль тарапынан Рим мәртебесіне сәйкес берген қарсылығын мойындамау туралы екі шешімді бірауыздан қабылдады.

«Ол сондай-ақ Палестина аумағында жасалған әскери қылмыстар мен адамзатқа қарсы қылмыстар үшін Нетаньяху мен Галантты қамауға алу туралы ордер берді», - делінген баспасөз хабарламасында.

Бұған дейін АҚШ БҰҰ-ның Газада атысты тоқтату туралы қарарына вето қойған.

Қарарды БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес 10 мүшесі әзірлеген. Онда Газа секторында атысты жылдам тоқтату туралы айтылған. Қарарға АҚШ-ты қоспағанда Кеңестің қалған 14 мүшесі дауыс берді.

Халықаралық қылмыстық сот Нетаньяху Галант сотқа берді
25 тамыз 2025 Қазақстан жаңалықтары
25 тамыз 2025 Қазақстан жаңалықтары
25 тамыз 2025 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар