Хамас кепілге алынғандардың екінші тобын босатты
Хамас кепілге алынғандардың екінші тобын босатты, - деп хабарлайды Arbat.media.
Хамас Газа секторындағы Қызыл крест ұйымына Рафах өткелі арқылы Мысырға бет алған 13 израильдік пен жеті шетелдікті тапсырғанын хабарлады. Израиль армиясы лаңкестер тұтқынынан босатылған 13 израильдіктің Египет аумағына кіріп үлгергенін растады. IDF мәліметінше, олармен бірге төрт Тайланд азаматы да жеткізілген.
Кепілге алынғандардың екінші тобын Хамас лаңкестік қозғалысы бүгін бірнеше сағат бұрын босатуы керек еді. Алайда содырлар Израильді төрт күндік бітім шартын бұзып, Газа секторының солтүстік бөлігіне гуманитарлық жүк көліктерін кіргізбеді деп айыптап, мұны істеуден бас тартты.
Уақытша атысты тоқтатудың бірінші күні Хамас содырлары 13 израильдік әйелдер мен балаларды және 11 шетелдікті - 10 Тайланд пен бір филиппинді тұтқыннан босатқан. Бұған жауап ретінде Израиль 39 палестиналықты - әйелдер мен кәмелетке толмағандарды түрмеден босатқан.
@dwglavnoe