Хамас лаңкестері ұрлап кеткен Германия азаматы Шани Лук қайтыс болды
Хамас лаңкестері ұрлап кеткен Германия азаматы Шани Лук қайтыс болды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы қыздың анасы айтты.
7 қазанда Хамас шабуылынан кейін із-түзсіз жоғалып кеткен Шани Лук қайтыс болды, деп хабарлады dpa агенттігіне оның анасы Рикарда Лук.
Әйелдің айтуынша, бұл туралы оған Израиль әскерилері хабарлаған. Бұл ақпаратты ресми растаған жоқ.
Хамас лаңкестері 7 қазанда Израильдің оңтүстігіндегі музыка фестиваліне шабуыл жасаған кезде 22 жастағы Шаниді ұрлап кеткен.
Шанидің ата-анасы оның татуировкасы мен өрілген шашы арқылы танып, оның пикаптың артында ес-түссіз жатқанын, содырлардың қоршауында іш киімін шешіп тастағанын көрсететін видео тарай бастағаннан кейін анықтады.
Бастапқыда қыздың Газадағы ауруханада ауыр халде жатқаны хабарланған.