Хамас содырлары кепілге алынғандарды ұстаған жер табылды
Израиль армиясының сарбаздары Хамас содырлары кепілге алынғандарды ұстаған аурухананы тапты, - деп хабарлайды Arbat.media.
ЦАХАЛ баспасөз хатшысы Даниель Хагари Хамас содырларының Газадағы Рантиси мамандандырылған балалар ауруханасының аумағында қару-жарақ пен оқ-дәрілерді сақтағанын растайтын фотосуреттер мен видеоны көрсетті.
Онда лаңкестер кепілге алынған адамдарды ұстаған көрінеді. Атап айтқанда, ЦАХАЛ олар ауруханада жабдықталған тұрғын үй-жайларды, оның ішінде шағын ас үйді, сондай-ақ күзетшілердің тізімін тапқанын айтты. Жақын жерде жоғары шенді содырлар командирлерінің бірінің үйіне апаратын туннель бар.
«Сондай-ақ біз ХАМАС лаңкестерінің 7 қазандағы қырғыннан кейін осы ауруханаға оралғанына дәлел таптық», - деді Израиль армиясының өкілі.
Сонымен қатар, ол 7 қазандағы қанды қырғын кезінде Хамас лаңкестері пайдаланған оқ тесілген мотоциклді көрсетті.
Жаңартылған ақпаратқа сәйкес, 7 қазанда Израильге басып кірген Хамас содырлары 1200-дей адамды өлтіріп, тағы 240-қа жуық адамды кепілге алып, Газа секторына алып кеткен.