Placeholder
ФОТО: BILD
BILD
Әлем5 тамыз 2024, 16:00

«Хезболла» түнде Израильдің солтүстігіне ондаған зымыран атқылаған

«Хезболла» түнде Израильдің солтүстігіне ондаған зымыран атқылаған.  Бұл туралы содырлардың үгіт-насихат мәлімдемесінде айтылған. Ливандық қауіпсіздік көздерінің мәліметінше, Ливанның оңтүстігінен Израильдің солтүстігіне 50-ге жуық зымыран атылған. Израильдік БАҚ-тың хабарлауынша, зымырандардың көпшілігі «Темір күмбез» әуе қорғаныс жүйесі арқылы ұсталған, - деп хабарлайды Arbat.media.

Иран мен оның одақтастары ХАМАС жетекшісі Исмаил Ханияны Тегеранда өлтіргені үшін Израильге «қатты жауап» беру ниетін жариялағаннан кейін Таяу Шығыста шиеленісіп бара жатқан қақтығыс қаупі арта түсуде.

Осыдан сәл бұрын Бейрутте «Хезболла» қолбасшысы Фуад Шукр өлтірілді, ал оның өлімі үшін жауапкершілікті Израиль өз мойнына алды.

Израиль армиясы мен үкіметі Ханиенің өлтірілуіне қатысты әзірге түсініктеме берген жоқ.

Бұл ретте АҚШ аймақтағы қорғаныс қабілетін күшейтіп жатқанын мәлімдеді.

Америка әскерлері мен Израильді қорғау үшін қосымша әскери кемелер мен жойғыш ұшақтар орналастырылады, деп хабарлады Пентагон.

Хезболла Израиль Зымыран

Тақырыпқа жаңалықтар