ХОК Олимпиада ашылуында Оңтүстік Кореяны Солтүстік Корея деп көрсеткені үшін кешірім сұрады
ХОК Олимпиаданың ашылуында Оңтүстік Кореяны Солтүстік Корея ретінде көрсеткені үшін кешірім сұрады. «Біз ашылу салтанатында Оңтүстік Корея делегациясын таныстыру кезінде орын алған қателік үшін барынша кешірім сұраймыз», - делінген Халықаралық Олимпиада комитетінің әлеуметтік желідегі аккаунтында корей тілінде. Оңтүстік кореялық спортшылар мінген қайық Сена бойымен жүзіп бара жатқанда, дикторлар француз және ағылшын тілдерінде бұл Корея Халық Демократиялық Республикасының (КХДР) делегациясы екенін хабарлады. Оңтүстік Кореяның ресми атауы - Корея Республикасы, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл қателік Солтүстік Кореямен ресми түрде соғысып жатқан Оңтүстік Кореяның наразылығын тудырды.
Оңтүстік Кореяның спорт министрлігі ХОК президенті Томас Бахпен кездесуді сұрады, сонымен қатар ХОК пен жергілікті ұйымдастыру комитетінен түсініктеме талап етті, деп хабарлайды Оңтүстік Кореяның Йонхап агенттігі.
Сондай-ақ департамент елдің Сыртқы істер министрлігінен Францияға үкімет деңгейінде шағым түсіруді сұрап, мұндай жағдайдың қайталанбауын талап етті.