Әлем8 қараша 2023, 10:30

Якутскі қаласында кәсіпорындар арасында үздік мобилизация байқауы өтеді

Якутск қаласында қалалық кәсіпорындар арасында үздік мобилизация байқауы өтеді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Якутск қаласының әкімдігі «2023 жылғы мобилизация дайындығы саласындағы жұмысты үздік ұйымдастыру» байқауын жариялады. Әкімдік пен жергілікті әскери комиссариат қызметкерлері жергілікті кәсіпкерлердің қалай жұмылдырылып жатқанын тексереді.

Байқауда ерекше көзге түскен қатысушылар мақтау қағазымен, бағалы сыйлық, тіпті ақшалай сыйлықтармен марапатталады.

Ал жұмысшыларды «жоғары сапада» жұмылдырған және оны әскерде пайдалануы мүмкін техниканың есебін жүргізген компания жеңімпаз атанады.

Байқауды жыл сайын өткізу жоспарлануда.

Якутск Мобилизация байқау

Тақырыпқа жаңалықтар