Юлия Навальная: «Путин елімізге және менің отбасыма істеген істеріне жауап береді»
Юлия Навальная Мюнхен қауіпсіздік конференциясында мінберден сөз сөйледі, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы DW телеграм арнасы жариялады.
«Тек үкіметтік ақпарат көздерінен алатын сұмдық хабарға сенер-сенбесімді білмеймін... Біз көп жыл бойы Путин мен оның үкіметіне сене алмай келеміз, олар үнемі өтірік айтады. Бірақ бұл хабар рас болса, мен Путиннің, оның айналасындағылардың бәрі, Путиннің үкіметі біздің елімізге, Отанымызға, менің отбасыма және күйеуіме жасағандары үшін жазаланатынын білгенін қалаймын. Және бұл күн жақын арада туады", - деді Алексей Навальныйдың әйелі Юлия Навальная.
Ол бүкіл әлем қауымдастығы бірігіп, «қазір Ресейдегі осы зұлым, сұмдық режимді» жеңуге шақырды.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: