Жапондар адамға донор болатын торай өсірді
Жапондар адамға донор болатын торай өсіріп, донорлар клондау және гендік түрлендіру арқылы алынды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл жөнінде Мэйзи университеті мәлімдеді, деп жазады Tanym Media телеграм арнасы.
“Үш торай 11 ақпанда дүниеге келді. Енді тағы да зерттеу үшін медицина мекемелеріне жеткізіледі” - делінген хабарламада.
Ағзасы трансплантация үшін қолданылатын шошқалар – кәдімгі жануар емес, гендік модификация жасалған клондар. Олардың әрқайсысы жасуша ядросын ауыстыру көмегімен өндіріледі. Жануар-донор адамның иммундық жүйесі қабылдайтындай, арнайы параметрлерге сәйкес келуге тиіс.
Ғалымдар ГМ торайларда шошқада болатын вирустардың ізін алдын ала жойып (өшіріп) тастаған.
Клондауға арналған технология мен материал АҚШ-тан алыныпты.
Америкада бұған дейін адамға шошқа жүрегін салып, трансплантация жасалған.
Әлем елдерінде донор-ағзаға сұраныс өте көп.
Жапонияда мысалы, мұқтаж адамдардың 3 пайызы ғана донор-ағзаға қол жеткізе алады.
Сондықтан да алғашқы донор-шошқалардың пайда болуы – көптен күткен ғылыми жаңалық.
Жобаны Мэйзи университетіндегі Pol Med Tech мекемесі америкалық eGenesis биотехнология компаниясымен бірлесіп жүргізеді.
Айта кетсек, Қазақстанда 4 мыңға жуық адам донорға мұқтаж.